Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде мектеп оқушысы сабақ үстінде босанып қалды: зейнеткерге үкім шықты

/
Ақтөбеде мектеп оқушысы сабақ үстінде босанып қалды: зейнеткерге үкім шықты
Сурет: pixabay

Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлаған 64 жастағы ер адам сотталды. Жасөспірім қыздың толғағы кенеттен сабақ үстінде басталып, ол бірден ауруханаға жеткізілген. Оның аяғы ауыр екенін оған дейін ешкім білмеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот алдында кәмелетке толмаған қыздың туған әжесінің күйеуі жауап берді. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы — «Зорлау» және «Жас балаларды азғындату» бойынша кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға, 124-бабы 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза — орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 21 жыл бас бостандығынан айыру», — деп үкімді судья Алтынбек Сабыров оқыды.

Сотталушы үкімге наразылық білдірген жоқ, оны үнсіз тыңдады.

Бұл оқиға 2025 жылдың қазан айында белгілі болған еді. Қыздың жүктілігін туыстары да, мектеп әкімшілігі де байқамаған — шындық тек босану кезінде ғана ашылды.

Білім басқармасының мәліметінше, жасөспірім қыз қазір оқуын жалғастыруда. Ал сәби «Үміт» балалар үйіне орналастырылды. Нәрестенің жағдайы тұрақты, дамуы қалыпты деп бағалануда.