Logo
Іздеу
Айдарлар

Ермек Нарымбай қамауға алынды

/
Ермек Нарымбай қамауға алынды
Сурет: әлеуметтік желіден

Саясаткер әрі белсенді, «Назарбаев, кет!» ұранының авторы Ермек Нарымбай қамауға алынды, деп жазды журналист Лұқпан Ахмедияров.

«Түнде, сағат 1.23-те Астана қаласындағы сот Ермек Нарымбайды осы жылдың 3 сәуіріне дейін қамауға алу туралы қаулыны жариялады», - деп хабарлады Ахмедияров бейсенбі күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Нарымбайдың әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салатын сот үкімін орындамады деген айыппен ұсталғаны туралы хабарланған болатын.