Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

ҮҰК ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы арнайы операция барысында 20 адамды ұстады

ҮҰК ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы арнайы операция барысында 20 адамды ұстады
Сурет: видеодан скрин

Қару-жарақ сату және сақтау, бопсалау, ұрланған автокөліктерді заңдастыру және басқа да қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

«2026 жылғы 4 ақпанда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақ сату мен сақтауға, бопсалауға, ұрланған көліктерді заңдастыруға және өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың әрекетін тоқтату бойынша арнайы операция жүргізді. Барлығы 20 адам ұсталып, оның 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өтті.

ҰҚК мәліметінше, тінту жұмыстары кезінде күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер алынған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп түйіндеді комитет өкілдері.