Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлытау облысында «Қазақмысқа» жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтар ұсталды

/
Ұлытау облысында «Қазақмысқа» жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтар ұсталды
Сурет: Қазақмыс

Өңірдің полиция департаменті «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деген желеумен жасалған алаяқтық фактілері тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Ұлытау облысында азаматтарға «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен тұлғаларға қатысты 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 6 іс сотқа жолданды. Тергеу барысында күдіктілер тұрғындардың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды", - делінген ПД хабарламасында.

Алаяқтар жұмысқа орналастырамын деп алдын ала ақша алған, бірақ уәделерін орындамай, азаматтарға материалдық шығын келтірген.

Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек ресми түрде, кадр қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке қаражатты үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береміз. Егер алаяқтық фактілеріне тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар.