Logo
Іздеу
Айдарлар

Ақтөбеде әйел үш баласымен өлі күйінде табылды

/
Ақтөбеде әйел үш баласымен өлі күйінде табылды
Сурет: Polisia.kz

2026 жылғы 9 ақпанда таңертең Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке үйлердің бірінен әйел мен үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланудан болған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, комиссия тексеру жүргізеді және тергеу қорытындысы бойынша қажетті шараларды қабылдайды», — делінген әкімдік хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектесіп, қажетті қолдау көрсететін болады. Ақтөбе полициясы қаза тапқандардың мәйіті шамамен сағат 12:00-де табылғанын нақтылады. Әйел— 1993 жылғы.

«Болжам бойынша, қайғылы оқиғаға табиғи газдан улану себеп болуы мүмкін. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық егжей-тегжейін жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процестік шаралар жүргізілуде. Соңғы қорытынды сараптама нәтижелері бойынша жасалады. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады», — деп атап өтті полициядан.

Айта кетейік, 5 ақпанда Алматы облысының Сарыбастау ауылындағы жеке үйден бір отбасының төрт мүшесінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Ол жерде де өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.