Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды. Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан.

Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.