Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркия парламентінде жаңа министрлердің ант беру рәсімі кезінде төбелес болды

/
Түркия парламентінде жаңа министрлердің ант беру рәсімі кезінде төбелес болды
Сурет: видеодан скрин

Түркия парламентінде төтенше жағдай орын алды. Депутаттар бір-біріне қол сермеп, жаға жыртысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісінде (TBMM) Әділет министрі Акын Гюрлек пен Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчидің ант беру рәсімі алдында жағдай шиеленіскен.

Оппозициялық CHP (Республикалық халық партиясы) депутаттары жаңа министрлердің ант беруіне кедергі жасамақ болып, мінбені басып алған. Соның салдарынан билік басындағы партия мен CHP депутаттары арасында төбелес басталды.

Қақтығысқа қарамастан, ант беру рәсімі ақыры өткізілді. Осыдан кейін парламент жұмысында үзіліс жарияланды.