Logo
Іздеу
Айдарлар

Талғар әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді

/
Талғар әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді
Сурет: әлеуметтік желіден

Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты қызметінен кететінін айтты. Ол бұл шешімді қабылдау оңайға соқпағанын атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Денсаулық жағдайыма байланысты біраз уақыт еңбек демалысында болдым. Қызметтік міндеттерімді толыққанды әрі жауапты орындауға денсаулығым кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым. Дегенмен денсаулық — адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі, сондықтан маған осы қадамға баруға тура келді», — деп жазды Арыстанбек Әбілқайырұлы әлеуметтік желіде.

Арыстанбек Әбілқайырұлы әкім лауазымына осыдан бір жыл екі ай бұрын келген болатын. Оған дейін қаланы Бақыт Күрішбеков басқарды. Күрішбеков Шерзат Полаттың өліміне қатысты шулы оқиғадан кейін өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылған еді.

Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде Талғардың «қарғыс атқан мекен» деген суық аты бар. Қала криминалдық жаңалықтардың ортасында жиі қалады. Мәселен, өткен жылы Талғар ауданында екі жасөспірім арасындағы жанжал біреуінің өлімімен аяқталды. Осы ауданда мас ер адам 15 жастағы өз қызын 16 жерден пышақтап өлтірген.

Ал жақында біз Талғардағы ауруханаға барғаннан кейін жұмбақ жағдайда көз жұмған бойжеткен туралы жазған болатынбыз.