Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодар облысы қорғаныс департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

/
Павлодар облысы қорғаныс департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: ОКҚ

Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы бастығы Бекзат Оразовқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Павлодар облысы бойынша ҰҚК департаменті Павлодар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы бастығы подполковник Б.Г. Оразовқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады бейсенбі күні Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрінің нұсқауымен қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша подполковник Оразов атқарып отырған лауазымынан босатылған.

«Өзге ақпарат қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес және тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды», - деп атап өтті Қорғаныс министрлігіндегілер.