Logo
Іздеу
Айдарлар

Референдумды өткізуге 20,8 млрд теңге бөлінуі мүмкін

/
Референдумды өткізуге 20,8 млрд теңге бөлінуі мүмкін
Сурет: gov.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткізуге жұмсалатын шығындардың алдын ала сомасы 20,8 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әзірленген смета Қаржы министрлігінде талқылау мен талдаудан өтіп жатқан жайы бар. Алдағы сағаттарда алдағы референдумға кететін шығындарды түпкілікті анықтайтын цифрға қол жеткіземіз деп ойлаймын. Референдум өткізуге жұмсалатын шығындардың алдын ала есебі 20,8 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат республиканың 2026 жылға арналған бекітілген бюджетінде қарастырылмағанын, сондықтан ақша үкімет резервінен бөлінетінін атап өткім келеді», — деді Михаил Бортник.

Сондай-ақ, ОСК Қазақстанда барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейтінін мәлімдеді. Оның ішінде:

9 779 учаске — азаматтардың тіркелген жері бойынша;

634 учаске — уақытша жүрген жерлерінде;

Соның ішінде 82 учаске — шетелде (64 елде).