Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шайдоров мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің "Confessa, The Diva Dance" композициясымен шықты. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша ол 198.64 ұпай жинады. Осылайша, қысқа және еркін бағдарламалардың жалпы нәтижесі 291.58 ұпайды құрады.
Еске салайық, қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров 92.94 ұпаймен аралық есепте бесінші орын алған еді. Бұл кезеңде АҚШ спортшысы Илья Малинин (108.16 ұпай) көш бастаған. Ал жүлделі үштікке жапониялық Юма Кагияма (103.07 ұпай) мен франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55 ұпай) енді. Төртінші орында италиялық Даниэль Грассль (93.46 ұпай) орналасқан болатын.