Logo
Іздеу
Айдарлар

Украина аумағында Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды

/
Украина аумағында Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды
Сурет: видеодан скрин

Украина Қауіпсіздік қызметі стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс бастағанын адвокат Евгений Пронин мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Украина Қауіпсіздік қызметі менің арызым бойынша Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабыровтың қылмыстық құқықбұзушылық жасауы мүмкін екені туралы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген оның Telegram-дағы арнасында сенбі күні жарияланған хабарламада.

Хабарламада сотқа дейінгі тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі (агрессор мемлекетке жәрдемдесу) бойынша жүргізіліп жатқаны айтылған.

Прониннің сөзінше, әңгіме Сабыровтың Ресей қарулы құрамалары өкілдеріне материалдық ресурстарды дайындауы және беруі мүмкін деген күдік туралы. Бұл жайттарды ресми тергеу аясында тексеру қажет екені атап өтілді.

«Интерпол жүйесіне кіретін 196 ел ол үшін не қолжетімсіз артықшылыққа айналады, не оны ұстап, Украинаға жазасын өтеуге беру нүктесіне айналады», – деп түсіндірді адвокат.