Logo
Іздеу
Айдарлар

"Шайдоровтың жеңісі – елдің жеңісі емес": Танымал жазушы ел күтпеген пікірді айтты (ВИДЕО)

/
"Шайдоровтың жеңісі – елдің жеңісі емес": Танымал жазушы ел күтпеген пікірді айтты (ВИДЕО)
Gregory Shamus/International Skating Union via Getty Images. Суретте: Михаил Шайдоров

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровтың алтын медаліне қатысты қоғамда түрлі пікір айтылып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазушы Қанат Тілеухан Instagram парақшасында бұл жеңісті мемлекетпен байланыстыруға қарсы екенін жеткізді.

"Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы алтыны – елдің жеңісі емес, Үкіметтің жетістігі емес. Әдетте біздің спортшылар Олимпиада шыңын бағындырып жатса, ұлттың ұлы жеңісі немесе Үкіметтің жетістігі деп қабылдайды. Ал меніңше, бұл адамның жеке талантын еңбекпен шыңдап шыққан жеке меншік жеңісі. Михаил Шайдоровты қазір көп адам құттықтап жатыр. Ал бұған дейін оның есімін көп адам білмеді, тіпті мен де білген жоқпын... Ол өзі кішкентайынан осы спорт түрін таңдады және осы бағытта кәсіби дайындалып, міне бүгінде тарихи жеңіске жетті. Біз осындай бір спортшылардың жеңісін өзімізге меншіктеп, өзіміз иеленіп алғымыз келеді. Бірақ ешкім де бұл жеңіспен ортақтаспауы керек. Қуанышын бөлісуімізге болады. Сіз қалай ойлайсыз?" – деді жазушы Қанат Тілеухан өзінің инстасында.