Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ол бізге ана орнына ана, әке орнына әке болды": Ташиевті қызметінен босатқан Жапаров жайлы шұғыл мәлімдеме жасалды

/
"Ол бізге ана орнына ана, әке орнына әке болды": Ташиевті қызметінен босатқан Жапаров жайлы шұғыл мәлімдеме жасалды
ашық дереккөзден

Қырғызстан парламентінің депутаты Шаирбек Ташиев президент Садыр Жапаровтың Камчыбек Ташиевті қызметінен босату туралы шешіміне байланысты пікір айтты, деп хабарлайды Kaktus басылымы.

Депутат бұл жөнінде "Азаттық" басылымына берген сұхбатында мәлімдеген.

Шаирбек Ташиевтің айтуынша, ол ағасы Камчыбек Ташиевпен Германиядан оралғаннан кейін және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы қызметінен кеткен соң кездескен.

"Біз – ағайындымыз, сондықтан бірге боламыз. Қарым-қатынасымыз жақсы. Әке-шешеміз қайтыс болғаннан кейін ол бізге әке де, ана да болды. Ем қабылдағаннан кейін жағдайы біршама жақсарды. Толық сауығу үшін уақыт қажет. Ал президенттің шешіміне келсек, барлық мемлекеттік қызметкер мен азаматтар оны орындауы тиіс. Бұл – заңды құбылыс. Біз оның дұрыс немесе бұрыс екенін бағалаудан аулақпыз. Бұл шешім біздің отбасымызда ешқандай резонанс тудырған жоқ", – деді Шаирбек Ташиев.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.