Logo
Іздеу
Айдарлар

Израиль армиясында қос азаматтығы бар 189 қазақстандық қызмет етуде

/
Израиль армиясында қос азаматтығы бар 189 қазақстандық қызмет етуде
Сурет: AP Photo / Ohad Zwigenberg

Қос азаматтығы бар 189 қазақстандық Израиль армиясында қызмет етуде, олар Газа секторындағы соғысқа қатысқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Al Jazeera-ның мәліметінше,  Израиль армиясында шетелдік төлқұжаты бар барлығы 50 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың ішінде ең көбі — АҚШ, Франция және Ресей азаматтары. Сондай-ақ тізімде 264 өзбекстандық, 146 әзірбайжандық, 112 Түркия азаматы, 52 қырғызстандық және 31 түрікменстандық бар екені айтылады.

Айта кетейік, біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған. Бұған қоса, Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша ел аумағынан тыс жердегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Егер жалдамалы соғысқаны дәлелденсе, 170-бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін, ал ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жағдайда — 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе азаматтықтан айыру жазасы қолданылады.