Logo
Іздеу
Айдарлар

15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

/
15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
Сурет: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жүргізілді. Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.

Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.

Бұл жағдай түркістандық медицина мамандарының кәсіби біліктілігі мен жоғары жауапкершілігін тағы бір рет дәлелдеді.