Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп атап өтті ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұған дейін желіде оның ұсталғаны туралы хабарламалар тараған болатын. Сол кезде әкімдік өкілдері мұндай мәліметтен хабарсыз екенін айтып, шенеуніктің денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысында жүргенін хабарлаған еді.