Logo
Іздеу
Айдарлар

Жалған шот-фактура жазды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

/
Жалған шот-фактура жазды деген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Сурет: Прокуратура

Жалған шот-фактура жазды деген күдікті Қырғызстаннан елімізге экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды. Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан қайтарды», - делінген бейсенбі күні тараған хабарламада.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2023 жылы күдікті іс жүзінде қызмет көрсетпей, жалған шот-фактураларды ресімдеу схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан бюджетке шамамен 350 миллион теңге сомасында салық төленбеген.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып үлгерген, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 2025 жылдың наурызында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп түйіндеді Бас прокуратура.