Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкенттегі дендросаябақта ер адамның мәйіті табылды

/
Шымкенттегі дендросаябақта ер адамның мәйіті табылды
Сурет: Polisia.kz

Шымкенттіктердің сүйікті демалыс орны қалалық дендросаябақ аумағында полиция қызметкерлерінің пайда болуы жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция департаменті суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады. 30 жастағы ер адам асылып қалу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетерлігі, бұл дендросаябақта болған алғашқы жағдай емес.

2022 жылы дәл осы жерде Ресей азаматы Александр Кирьяновтың асылған денесі табылған болатын.

Ол үйіне қайтуды жоспарлап, тіпті жол билеттерін де сатып алған. Алайда ұшатын күннің алдында дендросаябаққа кетіп, содан қайтып оралмаған.