Logo
Іздеу
Айдарлар

Референдумға Үкімет резервінен 21 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

/
Референдумға Үкімет резервінен 21 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді
Сурет: коллаж Arasha.kz

Конституция бойынша референдум өткізуге Үкімет резервінен шамамен 21 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 ақпандағы №88 қаулысымен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге ҚР Үкіметінің резервінен 20 777,5 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Оның ішінде: 20 653,9 млн теңге Орталық сайлау комиссиясына (шығыстардың негізгі үлесі — 15 698 млн теңге (75%) барлық деңгейдегі референдум комиссияларының 71 044 мүшесінің еңбегіне ақы төлеуге, ал 4 956 млн теңге (25%) ұйымдастыру іс-шараларына (ақпараттық қолдау, полиграфия және баспа өнімдері, барлық деңгейдегі комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету) бағытталған); 123,6 млн теңге Сыртқы істер министрлігіне (62 елдегі 80 шетелдік сайлау учаскесіне қызметкерлерді іссапарға жіберуге) бөлінді», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство референдумға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға және өзге де қамтамасыз етуге халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың кез келген тікелей немесе жанама қатысуына тыйым салынатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.