Атырауда екі трансвестит өз клиенттеріне АТВ инфекциясын әдейі жұқтырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полицияның мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталды.
Тергеу болжамы бойынша, олар өз диагноздары туралы білген және 2025 жылдың желтоқсанынан бастап есепте тұрған, бірақ соған қарамастан ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастыра берген.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеушілер зардап шеккен болуы мүмкін тұлғаларды анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.