Logo
Іздеу
Айдарлар

Грантты өтемеген түлек бюджетке 1,7 млн теңге қайтаруға міндеттелді

/
Грантты өтемеген түлек бюджетке 1,7 млн теңге қайтаруға міндеттелді
Сурет: Рixabay

Жамбыл облысының Талас аудандық соты Астана қаласының Білім басқармасының жергілікті бюджет есебінен білім алған түлекке қарсы талап арызын қарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

2018 жылғы келісімшарт бойынша, грант иегері атанған студент жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың жолдамасымен кемінде 3 жыл жұмыс істеуі немесе оқуға жұмсалған қаражатты қайтаруы тиіс болған.

«Жауапкер 2025 жылы «География» мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған, бірақ жолдамамен жұмысқа шықпаған. Оның білім алуына бюджеттен 4,6 млн теңге бөлінген. Талап қоюшы шәкіртақыны есептемегенде тек оқу құнын, яғни 1,7 млн теңгені қайтаруды талап етті», - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот талапты заңды деп танып, түлектен 1,7 млн теңге мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.