Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда ҰҚК шет елдің құзыретті органдарымен бірлесіп халықаралық операция жүргізді

/
Алматыда ҰҚК шет елдің құзыретті органдарымен бірлесіп халықаралық операция жүргізді
сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шет елдің мемлекеттік органымен бірлесіп Алматыда ұстау шарасын жүргізді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

«Осы жылдың қаңтар айында ҰҚК шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесіп халықаралық есірткіге қарсы операцияны іске асырды. Бірлескен іс-қимылдардың нәтижесінде Алматыда 8 кг «метамфетамин» синтетикалық затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды», - делінген бейсенбідегі хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп толықтырды ҰҚК-де.