Logo
Іздеу
Айдарлар

17 жастағы қызының жүкті екенін біліп қойған анасы өз-өзін өртеп жіберген

/
17 жастағы қызының жүкті екенін біліп қойған анасы өз-өзін өртеп жіберген
ашық дереккөзден

Ыстықкөл облысының Ақ-Суу ауданында әйел өзіне өзі от қойып, көз жұмды. Бұл туралы Kaktus.media басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 25 ақпан күні милицияға 1985 жылы туған жергілікті тұрғын хабарласып, 2009 жылы туған қызының жүкті екенін, жүктіліктің 16-аптасында екенін айтқан. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыздан жауап алған. Алайда анасы тергеуге қатысудан бас тартып, қызы үшін адамдардың алдында ұялып отырғанын жеткізген. Сұрау салу аудандық отбасы және балаларды қорғау бөлімінің қызметкерінің қатысуымен жүргізілген.

Сол күні шамамен сағат 21:00-де жүкті қыздың анасы дүкенге барамын деген сылтаумен үйден шығып, үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеген. Ауыр күйік алған әйел ауруханада көз жұмды.