Ұлыбритания, Франция және Германия басшылары Иранның Таяу Шығыстағы олардың одақтастарына жасаған соққыларына наразылық білдіріп, "қажетті қорғаныс шараларын" қабылдауға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы үш елдің бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Құжатты Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі жариялаған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мәлімдемеде:
"Біз өңірдегі өз мүдделерімізді және одақтастарымыздың қауіпсіздігін қорғау үшін қадамдар жасаймыз. Қажет болған жағдайда, Иранның зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын (БПЛА) ұшыру мүмкіндігін жою мақсатында қажетті әрі үйлесімді қорғаныс шараларын қолдануымыз мүмкін", – делінген.
Сонымен қатар Лондон, Париж және Берлин бұл мәселе бойынша АҚШ-пен және Таяу Шығыстағы одақтастарымен бірлесе әрекет етуге келіскені атап өтілді.
Дүйсенбіге қараған түні Кир Стармер Вашингтонның өтінішін қанағаттандырып, америкалық әскери күштерге Таяу Шығыстағы Ұлыбританияның әскери базаларын Иранның зымыран қоймалары мен ұшыру қондырғыларына соққы беру үшін пайдалануға рұқсат бергенін мәлімдеген.