Украиналық мамандар алдағы күндері Таяу Шығыстағы АҚШ базаларын ирандық дрондардан қорғау үшін аттанады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Киевтің мәліметінше, көмек туралы сұраныс Вашингтоннан түскен және ол аймақта қолданылып жатқан Shahed ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимылға қатысты.
«Біз Америка Құрама Штаттарынан Таяу Шығыстағы «Шахедтерден» қорғану үшін нақты қолдау көрсету туралы сұраныс алдық. Мен қажетті ресурстарды және украиналық мамандардың қатысуын қамтамасыз етуді тапсырдым»,- деп мәлімдеді Владимир Зеленский.
Бұл ретте нысандарды дрон шабуылдарынан қорғау бойынша практикалық көмек пен сараптамалық қолдау көрсету туралы сөз болып отырғаны күтілуде.