Ирак күрдтері АҚШ-қа деген сенімсіздік пен Вашингтонның қолдаудан бас тартуы мүмкін деген қаупіне байланысты Иран төңірегіндегі қақтығыста бейтараптық танытатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Axios басылымының хабарлауынша, Күрдістан үкіметі ықтимал шиеленіске араласқысы келмейтінін, себебі қиын сәтте АҚШ-тың қорғанысына сенімді емес екендіктерін алға тартты.
«Бізде өткеннен қалған сенім мәселелері бар және біз бұған араласқымыз келмейді. Егер Иран режимі аман қалса, бізді кім қорғайды?» — деді күрд шенеуніктері.
Аймақ басшылығы Иранда жылдам саяси өзгерістердің болуы мүмкін екендігіне күмәнмен қарайды және Вашингтонның нақты қандай мақсатты көздеп отырғанын түсінбейді.
«Біз бейтараптық сақтаймыз, өйткені АҚШ саясаты біз үшін түсініксіз. Бұл режимді толықтай ауыстыру ма? Әлде тек кадрлық өзгеріс пе?» - деп атап өтті Күрдістан үкіметінің өкілі.
Ол режимді ауыстыру «жердегі» әскердің қатысуынсыз мүмкін емес екенін, ал АҚШ-тың ол жаққа әскер жібермейтінін айтты.
«Найзаның ұшы» болғысы келмейді: Тағы бір жоғары лауазымды шенеунік «күрдтер бұл қақтығыста найзаның ұшы болмауы тиіс» екенін қадап айтты.
Күрд өкілдері Иран тарапынан соққы жасалған жағдайда аймақтың қорғансыз екендігін де тілге тиек етті.
«Бізге зиян келтіру үшін оларға дыбыстан жылдам зымырандардың қажеті жоқ. 200 'Шахед' дроны үлкен шығын әкелуі мүмкін. Бізде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жоқ», - деп түйіндеді күрд өкілдері.