Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Теміртау тұрғыны 13-ші баласын дүниеге әкелді

/
Теміртау тұрғыны 13-ші баласын дүниеге әкелді
Сурет: видеодан скрин

Облыстық клиникалық аурухананың № 1 перинаталдық орталығында Теміртау тұрғыны Лариса Кузнецова он үшінші рет ана атанды. Ұл бала 2 наурызда дүниеге келді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Аурухананың мәліметінше, жаңа туған нәрестеге Эмин есімі берілді. Оның салмағы 3650 грамм, бойы 54 сантиметр болып туды. Босану табиғи жолмен және асқынусыз өтті.

48 жастағы Лариса Кузнецова бала саны бойынша перинаталдық орталықтың рекордшыларының бірі болып саналады. Кішкентай Эмин үлкен отбасындағы тоғызыншы ұл болды, ал ең үлкен қызы қазір 25 жаста. Енді әйелдің барлығы 13 баласы бар.

Көпбалалы ананың айтуынша, ол өзі де көпбалалы отбасында өскен, сондықтан мұндай өмір салты ол үшін үйреншікті жағдай. Әйел, сондай-ақ, босану процесі жақсы өткенін атап өтті. Ол дәрігерлерге көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, бұл мен үшін жаңалық емес. Күйеуім отбасында жалғыз тәрбиеленген, бірақ біртіндеп бұған үйренді. Соңғы бөбегімізге ерекше қуаныштымыз. Сәбидің аман-есен дүниеге келуіне атсалысқан дәрігерлерге өте ризамын», – дейді Лариса.

Ларисаның отбасы өте үлкен болғанына қарамастан, ата-аналар балаларының қызығушылықтарын белсенді түрде қолдайды. Әйелдің айтуынша, оның балалары мектепте оқып қана қоймай, музыкалық сабақтарға да қатысады: пианинода, скрипкада және гитарада ойнайды.