Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қар, бұрқасын, тұман: 11 наурызға ауа райы болжамы

/
Қар, бұрқасын, тұман: 11 наурызға ауа райы болжамы
Сурет: pexels

Қазгидромет 11 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, тұман болады. Павлодарда түнде қар жауады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, 11 наурызда түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с. Көкшетауда түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте түнде көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары. Көкшетауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 30 м/с.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын жүреді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с. Өскеменде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың орталығында қар, жаяу бұрқасын жүреді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семейде түнде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Қостанайда күндіз қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жетісу облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын болады.

Ақмола облысында қар, бұрқасын болады. Көкшетауда күндіз қар жауады, бұрқасын жүреді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.