Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған әскери қызметші 15 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған әскери қызметші 15 жылға сотталды
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Кәмелетке толмаған қыздың қатысуымен өткен сот отырысы жабық режимде өтті. Іс материалдарына сүйенсек, қылмыс Ақтөбеде болған. Әскери қызметші ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған зорлау») бойынша сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған баптың санкциясы 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сотталушы әскери адам болғандықтан, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында қаралды.

«Ол он бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің 18 жасқа толмағанын ескере отырып, процесс жабық өтті, сондықтан толық мәліметтер жария етілмейді. Әскери қызметші, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.