Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада блогер Жаңабыловтардың үстінен сот басталды

/
Астанада блогер Жаңабыловтардың үстінен сот басталды
Сурет: видеодан скрин

Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогер ерлі-зайыпты Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сотталушылардың адвокаты мен сотталушылардың өздері істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш білдірді. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сондай-ақ сотталушылар БАҚ өкілдеріне өздерін фотоға түсіруге тыйым салу туралы өтініш жасады. Бұл өтініш қанағаттандырылды.

Сонымен қатар сотта сотталушылардың 2 ақпаннан бастап үй қамағында отырғаны еске салынды.