Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Путин жайлы фильм «Оскар» сыйлығын алды

/
Путин жайлы фильм «Оскар» сыйлығын алды
Сурет: видеодан скрин

Челябинск облысы Қарабаш қаласының педагог-ұйымдастырушысы Павел Таланкин түсірген «Мистер Ешкім Путинге қарсы» («Господин Никто против Путина») фильмі «Үздік деректі фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Туынды Украинаға басып кіру басталғаннан кейінгі ресейлік мектептегі оқиғалар туралы баяндайды. Таланкин педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс істеп, мектептегі іс-шараларды бейнежазбаға түсіріп жүрген.

Екі жыл бойы ол оқу орнындағы жиындарды, жиналыстарды және басқа да шараларды таспаға басып алған. 2024 жылдың жазында Таланкин Ресейден кетіп қалды. Ол фильмді америкалық режиссер Дэвид Боренштейнмен бірлесіп дайындаған.

Марапатты тапсырып алу кезінде Таланкин былай деп мәлімдеді: «Төрт жылдан бері біз жұлдызды аспанға қарап, ең маңызды тілегімізді тілеп келеміз. Бірақ аспаннан жұлдыз емес, зымырандар мен дрондар құлап жатқан елдер бар. Болашақ үшін, балалар үшін, дәл қазір барлық соғысты тоқтатыңыздар».

Ақпан айының соңында Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің осы фильмге байланысты Америкалық киноакадемияға шағым дайындап жатқаны белгілі болды. Кеңес мүшелері Таланкин балаларды «жасырын түсіріп», жазбаларды шетелге берген деп айыптады. Режиссердің өзі болса, түсірілім мектеп басшылығының тапсырмасымен ашық түрде жүргізілгенін айтады.