Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Трансұлттық есірткі схемасы бойынша 40 адам ұсталды

/
Трансұлттық есірткі схемасы бойынша 40 адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы “жалақысы жоғары жұмыс” туралы жарнама таратқан.

Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.

Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.

Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды.

Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.

Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.