Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыда ұсталды

/
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыда ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Боқаевтың ұсталғаны туралы Бас прокуратура хабарлады. Қадағалау органының мәліметінше, қоғам белсендісі оңтүстік астанада қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әңгіме ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптары туралы болып отыр.

«Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аймағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар орналастырды деп күдіктелуде. Тергеу мәліметтері бойынша, Боқаев табысы төмен адамдарды тарту арқылы қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған, оларға сыйақы үшін ағаш кесуді және ұрлық жасауды тапсырған», — деп түсіндірді қадағалау органы.

Сондай-ақ Бас прокуратураның хабарламасынан Санжар Боқаевтың алаяқтық жасады (ірі көлемде жымқыру) деп күдіктеліп отырғаны белгілі болды.

2025 жылдың жазында Ішкі істер министрлігі Боқаевтың соңынан аңду туралы сөздерін жоққа шығарған болатын. Оның алдында белсендінің өзі оны Алматы әуежайында ұстауға тырысқанын мәлімдеген еді. Айтуынша, оның есімі іздеудегілер базасына енгізілген.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың тамызында Боқаев Алматы орталығынан жаңа деуге болатын төсемтастардың (брусчатка) жеке аулаларға тасымалдануы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, жұмысшылар бюджет қаражатына сатып алынған плиткаларды шешіп алып, манипуляторларға тиеп, жеке нысандарға алып кеткен.

Жақында Боқаев өзінің Instagram парақшасында АҚШ-қа кеткенін және бизнеспен айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Ол қоғамдық қызметтен шаршағанын, бірақ маңызды мәселелер туралы айтуды жоспарлап отырғанын жеткізген.