Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырауда жедел жәрдем фельдшері Азамат Асылбековтің өліміне қатысты 19 адам сотқа тартылады

/
Атырауда жедел жәрдем фельдшері Азамат Асылбековтің өліміне қатысты 19 адам сотқа тартылады
Сурет: ден

23 жастағы Азамат Асылбековтің өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл іс бойынша айыпталушы орындығында 19 адам отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың 16 тамызында «Ляпиза» мейрамханасында өткен той кезінде жастар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан деп жазады azh.kz. Кейінірек тараптар «есеп айырыспақ» болып, түнде кездесуге уағдаласқан.

Түн ортасында Химпоселок ауданындағы бос жатқан жерге екі топ жиналған. Олардың кейбірі өздерімен бірге мылтық пен тапанша ала келген, содан кейін атыс басталған. Атыс кезінде оқтардың бірі фельдшерге тиіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Осыдан соң қатысушылар тарап кетіп, қару-жарақты жасыруға тырысқан.

Күдіктілерге «Кісі өлтіру», «Бұзақылық» және «Қаруды заңсыз сақтау» баптары бойынша айып тағылып отыр. Айыпталушылардың бір бөлігі тергеу изоляторында, қалғандары үйқамақта.

Сонымен қатар, қақтығыстың екінші тарабына - қаза тапқан фельдшердің достарына қатысты да бөлек сот процесі жүріп жатыр. Тергеу деректері бойынша, олар да қару қолданған.