Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған жарылыстан сегіз адам зардап шекті

/
Қарағанды облысындағы тұрғын үйде болған жарылыстан сегіз адам зардап шекті
Сурет: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыс салдарынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қарағанды облысы ТЖД-ның «112» пультіне полициядан Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабарлама түсті. Хабарлама түскеннен кейін төрт минут ішінде ТЖМ күштері мен құралдары оқиға орнына жетті. Олар келген бойда жиһаздар мен үй заттарының өртеніп жатқанын анықтады. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан баспалдақ маршы арқылы бес адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды шығарды, қалған тұрғындар ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Тұрғындар үшін ТЖМ-нің вахталық автокөлігін пайдалана отырып, жылыну мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жылыту пункті ашылды. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның бесеуі – полиция қызметкерлері», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі дүйсенбі күні.

Барлық зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.

«ТЖМ күштерімен жалпы ауданы 40 шаршы метр болатын өрт толығымен жойылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД бастығы бастаған өрт сөндіру штабы құрылды. Онда өрт сөндіру бөлімдері, ТЖМ құтқару топтары, сондай-ақ медициналық қызметтер, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатыр», - деп толықтырды ведомстводан.