Атырауда сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, биіктіктен секіріп кеткен. Соның салдарынан ол жеңіл жарақат алған.
Ведомствоның хабарлауынша, медициналық тексеруден кейін жасөспірім ата-анасымен бірге үйіне жіберілген.
Сондай-ақ баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.
Бұдан бөлек, нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру жүргізу туралы құзырлы органдарға нұсқама жолданған.