Челябі соты Ресей аумағында «Господин Никто против Путина» деректі фильмін таратуға тыйым салды. Бұл туралы «Медиазона» («шетелдік агенттер» тізілімінде) және It’s My City басылымдары мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сот сонымен қатар прокурордың VK-видео, Yandex.kz және «Моушн видео» платформаларында аталған фильмге қолжетімділікті бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды.
Айыптау тарапы фильмде көрсетілген ақ-көк-ақ түсті туды «экстремизм мен терроризмді насихаттау» деп таныды. Бұл ту Ресейде террористік ұйым деп танылған және тыйым салынған «Ресей бостандығы» легионының символы болып саналады.
Бұдан бөлек, прокуратура «фильмнің мазмұны жалпы милитаризация арқылы қалыптасқан», сондай-ақ онда «арнайы әскери операция мен қазіргі билікке деген теріс көзқарас» білдірілген деп есептейді.
«Господин Никто против Путина» фильмінің негізіне Қарабаш қаласының тұрғыны Павел Таланкин түсірген бейнежазбалар алынған. Ол мектепте видеограф болып жұмыс істеп, «Маңызды жайлы әңгімелер» (Разговоры о важном) және басқа да патриоттық іс-шараларды түсіруі тиіс болған. Түсірілімнен кейін Таланкин Ресейден кетіп қалды. 16 наурызда бұл туынды «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығын иеленді.