Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Әділ сайлау және халықтың белсенділігі: Республикалық референдум қалай өтті?

/
Әділ сайлау және халықтың белсенділігі: Республикалық референдум қалай өтті?
Сурет: Алматы әкімдігі

Үстіміздегі жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты республикалық референдум өтіп, рефернедумға қатысқан халықтың басым бөлігі, яғни  87,15 пайызы Ата заңымыздың жаңа нұсқасын қолдап дауыс берді. 

Референдумға қатысу белсенділігі тұрғындар арасында өте жоғары болып, азаматтардың 73,12 пайызы, яғни 9 127 192 адам дауыс беруге қатысып, өз позицияларын көрсетті. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде референдумның әділ, заңдық нормалар сақталған, сонымен қатар ашық өткенін айтты. 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның әділ, әрі заң аясында өткендігін мәлімдеді. Сондықтан менің ойымша осы референдум аясында ешқандай заңбұзушылық болған жоқ», – деді Ерлан Саиров өз сөзінде.