Алматыда мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Тергеу барысында 2023 жылы СпецЦОН-ның бес қызметкері жалған құжаттар арқылы 18 жүк көлігін заңсыз тіркегені анықталды. Олар көліктердің нақты шығарылған жылын әдейі бұрмалаған», – делінген бейсенбі күні жарияланған хабарламада.
Мәліметке сәйкес, заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекет бюджеті алғашқы тіркеу үшін алынатын алымдардан 164 миллион теңге көлемінде қаражатты ала алмаған.
Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелгені атап өтілді.
Сот талқылауының қорытындысы бойынша айыпталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.