Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Ұлытау облысында 36 мемлекеттік қызметші құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметтен босатылды

/
Ұлытау облысында 36 мемлекеттік қызметші құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметтен босатылды
Сурет: pixebay

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылу фактілерін анықтады, деп хабарлайды  Arasha.kz. 

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде бірқатар мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды. Атап айтқанда, 36 қызметші, оның ішінде 10 басшы лауазымдағы тұлға Olimpbet және 1XBET букмекерлік компанияларында бәс тіккен.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырып, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне кері әсер етуі мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде аталған мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.

Прокуратура мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы тұрақты бақылауда болады.