Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Жақсылық Омар сотқа апелляциялық шағым түсірді

Жақсылық Омар сотқа апелляциялық шағым түсірді
Сурет: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары, 6 жылға бас бостандығынан айырылған Жақсылық Омар апелляциялық шағым берді. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық соты растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бірақ іс апелляциялық сатыға әлі түскен жоқ», - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын түсіндірген еді.

Оған ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.

Сотта екі эпизодтан тұратын істің егжей-тегжейі айтылды. Шенеунік өз кінәсін мойындап, соттан айыппұл тағайындауды сұраған. Алайда сот оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ, ол алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.