Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды. Осы факті бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап., деп хабарлайды Arasha.kz.
«Павлодар облысында ферроқорытпа зауытынан Ақсу қаласы бағытына қарай үш шақырым жерде әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Сондай-ақ әйел зорланған болуы мүмкін, ал мәйітті өртеп жіберуге әрекет жасалған деген болжам бар», – деп жазады «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасы.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Ақсу қаласында әйелді өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.