Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Халықтан 200 теңгеден ақша жинаған павлодардық әйел бір күнде баспаналы болды

Халықтан 200 теңгеден ақша жинаған павлодардық әйел бір күнде баспаналы болды

Павлодарлық Анастасия Кулик әлеуметтік желіде бейнеролик жариялап, халықтан 200 теңгеден ақша аударуды сұраған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әйел өз үндеуінде қарапайым математикалық есеп ұсынған. Егер 30 мың адам оған 200 теңгеден аударса, пәтер сатып алуға қажетті соманы жинауға болады.

Видеода бойжеткен өзінің балалар үйінде өскенін, ал бұған дейін алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қалғанын айтады. Бұл идея әлеуметтік желіде тез тарап, қазақстандықтар арасында үлкен қолдау тапты.

Анастасияның айтуынша, қажетті қаражат небәрі бір тәуліктің ішінде жиналған. Осыдан кейін ол жиынның жабылғанын хабарлап, көмектескен жандардың бәріне алғысын білдірді.

Қазір бойжеткен өз пәтерін қуана көрсетіп, онда жөндеу жұмыстарын бастағанын айтуда.

Сонымен қатар, оқырмандарының көптеген өтініші бойынша Анастасия енді баспана жөндеуіне арналған бөлек жиын ашты.