Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша күдікті суицид жасамақ болды

Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша күдікті суицид жасамақ болды
Сурет: ашық дереккөзден

Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша күдікті жаңа айыптау актісі жарияланғаннан кейін өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында (Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет, азаптау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың өндірісінде. 2026 жылғы 24 сәуірде басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы барлық сотталушыларға жаңа айып тақты, оған сәйкес сотталушыларға ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 1, 2-тармақтарында (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылып отыр. Сотталушыларға жаңа айыптау актісін тапсыру үшін сот 2026 жылғы 4 мамырға дейін үзіліс жариялады. Жаңа айыптау актісі жарияланғаннан кейін сотталушы Ж. белгісіз затпен білек тұсына жеңіл жарақат салған», - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот шақыртқан жедел жәрдем оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Дәрігер қарап шыққаннан кейін сотталушы үйіне жіберілді (ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр), оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп толықтырды соттағылар.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде интернетте қазақстандық колонияда сотталушы Тимур Дәнебаевты аяусыз азаптау сәттері түсірілген кадрлар тараған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қызметтік тергеу басталып, 6 қыркүйекте құқық қорғаушы Елена Семенова азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кейінірек ҚАЖК 11 құқық қорғау қызметкері жұмыстан босатылатынын, ал ҚАЖД бастығы, оның орынбасары және колония басшысы қызметінен шеттетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ҚАЖК қылмыстық істің қозғалғанын растады.