Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Тоғыз күн өлілердің арасында болған

Тоғыз күн өлілердің арасында болған
Сурет: tobolinfo.kz

Қостанай тұрғыны Владимир Шремф құжат бойынша қайтыс болды деп танылып, тоғыз күн бойы жеке деректерін пайдалана алмады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «ТоболИнфо» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қателік ер адамның Әулиекөл аудандық ауруханасы жанындағы емханаға жүгінуінен кейін орын алған. Ол 30 наурызда қайтыс болған анасының өлімі туралы анықтаманы өткізген, алайда мекеме қызметкері қателесіп, жүйеге өтініш берушінің өз деректерін енгізіп жіберген.

Владимир Шремф деректер базасында «қайтыс болғанын» 2 сәуірде, ЭЦҚ мен ЖСН пайдалану кезінде қиындықтарға тап болғанда білген. Емханаға хабарласқаннан кейін қателік жедел түрде түзетілмеген, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ақпарат тек 6 сәуірде ғана жолданған.

Соның салдарынан ер адам бірнеше күн бойы жұмыс істей алмай, көлік жүргізу және ресми құжаттарды пайдалану мүмкіндігінен айырылды.

Жағдай адвокат Ділмұрат Сәрсеновке жүгінгеннен кейін шешілді. Ол тіркеуші орган мен АХАТ  бөліміне қате жазбаның күшін жоюды талап етіп, шағым түсірген. Тоғыз күннен кейін мәртебесі түзетіліп, Владимир Шремф құжаттарды қайта рәсімдеусіз-ақ жүйеде қайта «тірілді».

Адвокаттың айтуынша, зардап шегуші сотқа жүгініп, медициналық мекемеден моральдық шығын өндіруді талап етпек.

Бұған дейін Рудный қаласының бір жыл бұрын қайтыс болған тұрғыны медициналық тексеруге шақырылғаны хабарланған болатын.