Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Грузияда 18 жастағы қазақстандық ұсталды: ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Грузияда 18 жастағы қазақстандық ұсталды: ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Сурет: видеодан скрин

Қазақстан азаматы аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бозбалаға 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі ауыр жаза қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан азаматымен бірге Украина азаматы да қамауға алынды: екі айыпталушы да 2008 жылы туған.

Ұстау шараларының әртүрлі уақытта жүргізілгені атап өтілді. Оларға есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және сатуға көмектесті деген айып тағылып отыр.

«Айыпталушылардың жеке заттары мен уақытша тұрып жатқан баспанасын тінту кезінде, сондай-ақ тергеу эксперименті аясында олар көрсеткен орындардан құқық қорғаушылар айғақты зат ретінде аса ірі мөлшердегі «метадон» есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар, полиция есірткіні буып-түюге қажетті материалдарды тапты», - делінген Грузия ІІМ хабарламасында.