Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Ақтөбеде домбыраны «харам» деп атаған адам қамауға алынды

Ақтөбеде домбыраны «харам» деп атаған адам қамауға алынды
Сурет: видеодан скрин

Ақтөбе тұрғыны домбыраны «харам» деп жария түрде айтқаны үшін діни алауыздық қоздыру ісі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде діни негізде өшпенділік пен алауыздықты қоздыруға бағытталған жазбалар жариялаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды таңдады.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.

Полиция өкілдері әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы домбыраның харам еместігін айтқан болатын.

Бөлісу