Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Бурятияда қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

Бурятияда қар көшкіні кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты
Сурет: Бруятия Республикасының прокуратурасы

Бурятия Республикасында қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы 28 сәуірде Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, Бурятия Республикасының Муя ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде қар көшкіні салдарынан 1990 жылы туған Қазақстан азаматы А.Тицкий қаза тапты», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

СІМ мәліметінше, қар көшкінінің астында алты адам қалған.

Ведомство Қазақстанның елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста екенін қосып өтті.

Жағдай министрліктің бақылауында екені атап өтілді.