Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Дропперлік жасаған ерлі-зайыптылар сотталды

Дропперлік жасаған  ерлі-зайыптылар сотталды
Сурет: pixebay

БҚО Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олар өздерінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады.
 
Үкім заңды күшіне енді.
 
Прокуратура дропперлік қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, мұндай әрекетке қатысқаны үшін мүлкі тәркіленеотырып, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.
 
Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Бөлісу